Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың сол жақ жағалауында жарықтың сөну себебі белгілі болды

Сенбі күні Астананың сол жақ жағалауындағы бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарда электр қуатының уақытша ажыратылуына қысқа тұйықталу себеп болған. Апат толығымен жойылды.

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы мәлімдеді.

«11 қарашада сағат 12:13-те Есіл ауданының «Левобережная» шағын станциясына қарасты кабель желілеріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан қаланың сол жақ жағалауындағы бірқатар нысанда электр қуатымен қамту қызметі ажыратылған болатын. Сағат 12:27-де «Керуен» СОО мен «Изумрудный квартал» БО аралығындағы апатты-кабельдік желілер ажыратылды. Кабельді арнада өрт шыққан туралы ақпарат келіп түскен соң, жұмыскерлер жедел түрде қорғаныс министрлігі, Ұлттық кітапхана мен «Изумрудный квартал» БО (екінші қуат көзі) ғимараттарын, сондай-ақ, «Бәйтерек» монументін электр қуатымен қамтамасыз ететін кабельдік желілерді ажыратты», — деп атап өтті қалалық энергетика басқармасы.

Дәл осы уақытта Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері өрт сөндіруші топты шақыртты. Кабельді арнада шыққан өрт сағат 13:20-да өрт сөндіру тобының күшімен ауыздықталды.

«Апатты жоюға «Астана –АЭК» АҚ техникасының 6 бірлігі мен жөндеу және жедел әрекет ету бригадалары, барлығы 23 адам жұмылдырылды. Сағат 18:25-те Ұлттық кітапхана, «Бәйтерек» монументі, «Изумрудный квартал» БО жарықпен қайта қамтамасыз етілді. Қорғаныс министрлігінің ғимаратына жарық сағат 21: 58-де берілді», — делінген хабарламада.

Апат жексенбі күні сағат түнгі 0:16-да толығымен жойылды.

Оқи отырыңыз:

Ақтау тұрғындары электронды әмиян көмегімен героин сатқан

Алматы маңында 4,7 баллдық жер сілкінісі болды

Мәскеудегі Ломоносов университеті сырбойылық түлектер үшін грант бөлетін болды

Қостанай облысында өзен жағасынан шақалақтың денесі табылды

Талқылау