Рейстер кешігеді: Астананың әуе кеңістігі уақытша жабылды
Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Әскери ұшақтардың оқу-жаттығу ұшуларына байланысты Астана әуежайының аспаны уақытша жабылды.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылған.
"Астана әуежайындағы рейстердің 28 маусымнан бастап кешіктіріледі. 3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммитіне дайындық аясында қорғаныс министрлігі ұшақтарының оқу-жаттығу ұшуларын өткізуде. Сол себепті елорда әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылады", – делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу рейстері 30 маусымға дейін 09:25 пен 10:20 арасында өткізіледі.
“Шектеулерге түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ осы уақытта рейсі бар жолаушыларға ұшу уақытын авиакомпаниялардан нақтылауларын сұраймыз. Әуе кеңістігінің уақытша жабылуы Астана мен Алматыдағы және басқа да қалалардағы рейстердің тізбекті кешігуіне алып келеді", – деп толықтырды комитет.
Еске салсақ, осыған дейін Астана тұрғындары мен қонақтары қала төбесінде әскери тікұшақтар көбейгенін байқаған. Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді.