Астаналық мұғалім 13,5 тонналық автобусты сүйреп, әлемдік рекорд жаңартты

Елордадағы № 50 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова салмағы 13,5 тонна болатын автобусты 14 метрге сүйреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Рекордты жаңарту үшін №1 елорадалық автопарк автобус берді. Бұл шешімге келуге Айгүлге оның жаттықтырушысы Айбар мен досы Ержан көмектескен. Осылайша мұғалім жас түлектерді шабыттандырғысы келген.
Айтуынша, биыл мектеп бітіріп жатқан балаларға қолдау көрсетіп, өз мақсаттарына нық қадам басу керек екенін жеткізгісі келген. Адам арманына ұмтылса, ол міндетті түрде орындалады дейді Айгүл.
Былтыр ол салмағы 8 тонналық екі пикапты 57 метрге сүйреп апарып, рекорд орнатқан еді. Биыл 55 жастағы мұғалім өз нәтижесін жақсартпақ болып, бұл жолы 13,5 тонналық автобусты таңдаған.
Азия мен Африка елдері бойынша әлемдік рекордтарды тіркеудің бас офицері, Global Best of Records ұйымының өкілі Қуандық Құдайбергеновтің сөзінше мұндай рекордтар әлемде бұрын-соңды тіркелген. Алайда 50 жастан асқан әйелдер арасында ешкім дәл осындай салмақтағы автобусты сүйремеген.
“Бүгінде Әлемдік рекордтар кітабы 89 елді біріктіреді. Айгүл Ержанованың есімі бұл кітапқа екінші рет енбек. Өткен жылы ол екі пикапты сүйреп рекорд орнатқан еді. Бүгін біз елордалық мұғалімнің өз рекордын қайта жаңартқанына куә болдық. Бұл нәтиже ресми түрде тіркеледі. Ол автобусты 14 метрге сүйреп өтті. Экстремалды категорияларда Global Best Of RECORDS кітабына ену үшін 10 метрді еңсеру жеткілікті”, – деді Қуандық Құдайбергенов.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?