Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткер Астанада айына 10 мың теңгеге өмір сүруде

Зейнетақы өскенше, баға өсті дей бер. Бұл сөз бүгінде ел арасында мәтелге айналғандай. Сонымен кеше мемлекет басшысы зейнетақыны көтеру жөніндегі заңға қол қойды. 1 шілдеден бастап, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артады.

зейнет1

Бұл туралы “Еуразия” арнасыдағы күнделікті 18:00-де болатын Басты жаңалықтар бағдарламасында айтылды.

“20%-ға өскені жағдайды жақсартады деп айта алмаймын. Өйткені, ол 20%-ға өскеннен бұрын бүкіл тамақ-продуктының барлығы қымбаттап алды” дейді қариялар.

Ағымдағы жылы ынтымақты зейнетақы қаңтардан 9 пайызға артса, шілдеден бастап 11 пайызға артпақ. Базалық зейнетақы қаңтарда 7 пайызға өссе, шілдеден бастап 13 пайызға өседі. Яғни, жалпы өсім 20 пайыз. Осылайша ең төменгі зейнетақы 45711 теңге болса, орташа зейнетақы 66676 теңгені құрамақ.

Жетпіске тақаған Жақсыбек Жантуов пайғамбар жасында ел қатарлы зейнетке шықты. Бірақ алатыны ел қатарлы емес. 11 мың теңге ғана. Өмір бойы механизатор болған ол елге еңбегім сіңді, тек еленбеді деп егіледі. Бес баласы безіп кеткен, жұбайы марқұм болыпты, басындағы баспанасы өртеніп, далада қалған жалғызбасты жанның бұйымтайы бар.

«Тұрған жерім міне, көріп тұрсыздар, соған 10 мың. Анау тамағым бар, ал енді мен жалаңаш жүрмеймін ғой, киімім бар. Моншаға түсетінім бар, басқаға түсетінім бар, общым короче 40 мың дай керек қой. Енді мен жасым келіп шыққаннан кейін далада қалмауым керек қой. Ең болмаса үкіметтің арқасында басқа да күн көруім керек қой өлгенімше. Елдің бергенін берсе екен деймін. Басқа айтарым жоқ. 10 мың деген, ораза айында садақаға да береді ғой», – зейнеткер Жақсыбек Жантуов.

зейнет2

Зейнетақыны жыл сайын кезеңімен көтеру зейнеткердің көсегесін көгерте ала ма, деген сұраққа сарапшылар не дейді?

«Мысалы біздің төменгі деңгейдегі зейнетақы қоры, деңгейі мына тұтыну корзинасы деген болады, соның саны бізде 43 екен. Ал Грузия, Ресей немесе мынау Батыс Еуропаның статистикасына зейін салсақ тұтыну корзинасының саны 500-400ден асып кетеді екен. Былайша айтқанда бізден 10 есе оларда көп. Демек, біздің Үкімет ең төменгі зейнетақы мөлшерін айқындағанда тұтыну корзинасына зейін салып, соны басшылыққа алады. Біз зейнетақы мөлшерін көтерейік пе, түсірейік пе қазір маңызды емес. Бұл шешпейді мәселені» – экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков.

Зейнетақы сомасы мен баға егіз сияқты осы күні. Қазірдің өзінде дүкен сөрелерінде баға өсуде.

«60-70-80 мыңға дейін барады азық түлік. Бұл ең бірінші керектері ғана. Егер қонақ шақыратын болсақ одан көбірек», – Астана тұрғыны Жазира Толыбаева.

Отандық Ранкинг талдау орталығының сарапшылары соңғы үш айда халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығыны күрт артып кеткенін алға тартуда. Отбасылық бюджеттің 46-пайызы, яғни шамамен жартысы азық-түлікке жұмсалады екен. Әсілінде, тамақтан тартынбайтын халықпыз ғой деп қоя салуға болатын шығар, бірақ бұл тапқан-таянғаның ішіп-жемнен артылмайдының кері.

Сарапшылар сондай ақ бай мен кедей арасындағы алшақтықты да сандармен айшықтап отыр. Статистикаға сенсек бай қуаттылардың табысы жарлы-жақыбайлардан 5.9 есеге артық екен.

Талқылау