Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астаналық беделді адам» Байзақованы пышақтамақшы болған

Айжан Байзақова Астананың түнгі клубтарының бірінде болған жағымсыз оқиға туралы баяндады.

«Астаналық беделді адам» Байзақованы пышақтамақшы болған

Бұл туралы Байзақова Telegram желісінде жазды, деп  хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Астана. Неліктен жүрегім осы қалаға тартпайды. Жұма күні Ньютон клубында болғандардың бәрі біздің қалай көңіл көтергенімізді біледі. Сондай-ақ, біз мұны сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеру үшін тырыстық және бұл біздің қолымыздан келді деп ойлаймын. Бірақ, бұл көңіл-күйдің жағымсыз жағы да бар», – деп жазды Байзақова Telegram-да.

Байзақованың сөзінше, әлдебіреу өзін жаман жағынан көрсетіп, оны қорлады. Ал түнгі клуб күзетшісі оның «Астанадағы беделді адам» екенін айтып, бейтаныс адамға еш қарсылық көрсетпеген.

«Ол мені пышақтау үшін таңғы тоғызға дейін клубтың жанында күтіп тұрды. Оған қарсы ешнәрсе істей алмадық. Осы қақтығысты көрген астаналық жігіттердің бірде-бірі оған қарсы мінез көрсете алмады. Беделді тұлғаға соққы бермеген ер адамдар, бізді естімегендей сыңай танытты. Міне сіздерге дамып келе жатқан Астананың түрі. Соған қарамай сіздер шымкенттіктерді жақтырмайсыздар. Шымкентте қалай болғанын айтып берейін бе? Онда ешкім маған қатысты жаман сөздер айтқан жоқ. Керісінше жігіттер маған келіп «қарындасым, сені ренжітуге жол бермейміз» деген»,- дейді Байзақова.
Оқи отырыңыз: 

Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па

Танымал продюсер Ресейде жатып, Павлодар билігін айыптаған Скриптонитті сынап тастады

Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді

Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдына шыққан балаларының болашағына алаңдайтынын айтты

 

 

Талқылау