Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал продюсер Ресейде жатып, Павлодар билігін айыптаған Скриптонитті сынап тастады

Белгілі отандық продюсер Алтынбек Рахметов Ресейде жатып, Павлодар билігін айыптаған Скриптонитті сынға алды. Ол рэпермен бір мектепте оқығанын атап өтіп, бүгінгі таңда Павлодар өңірі мен Ленинский ауылының көркейіп келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, елге бес жылда бір келетін өнер иесінің шағымына негізсіз деп баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алтынбек Рахметов - Скриптонит

“Мен де Ленинский ауылында, Скриптонитпен бір мектепте (бірақ әр жылдары) оқыдым. Адиль Жәлелов туған өлкесі мен Павлодар қаласында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білместен, билікті айыптап жатыр. Әрине, Ресейде тұрып және шығармашылықпен айналысып, жоғарыдан өзің тастап кеткен Кіші Отаныңа түкіре беруге болады. Мен Ленинский өңірінде де, Павлодарда да жиі болып тұрамын. 7-ші ауылда туып өскен көшем – Карьерная! Қазір ол көше бұрынғыдан әлдеқайда әдемі. Ешқашан болмаған су құбыры жүргізілген, түнде бұл көше де, басқа көшелер де жарықтандырылған. Павлодардан 12 шақырым қашықтықта барлық жолдар жарқырап тұр. Әлі күнге дейін ата-анаң мен туыстарың тұратын әрі өзің бес жылда бір келетін Отаныңа негізсіз тіл тигізу, ешкімге, тіпті Скрипке жараспайды.

Әрине, менің сөзіме қарсы шығып, ол Отаны үшін шырылдап жатыр деп айтуы мүмкін. Бірақ бүгінде Павлодар – Қазақстанның ең таза әрі көрікті қалаларының бірі. Бұл өңірге келіп жатқан қонақтардың пікірі. Мен Павлодарда туып-өстім. Бұл жерде менің жақындарым тұрады. Мен жарық дүниені көрген жер туралы ешкімге де жаман сөз айтқызбаймын. Дәл осылай Отанымның кез келген бұрышы туралы айта аламын. Патриоттық сезім болмайынша, бізде ештеңе де өзгермейді. Отанды сүйіңіздер! Бар жақсылықтың бастауы сол. Қашып кетуге болады, бірақ қайтып келуге тура келеді. Барлықтарыңызға жақсылық пен махаббат тілеймін. Отанды сүйіңіздер, себебі онда сіздің жақындарыңыз тұрады”, – деп жазды Рахметов Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының басшылары Скриптонитті тегін концерт беруге шақырғандарын айтқан еді. Музыкант Павлодар облысында дүниеге келгендіктен, жергілікті билік өкілдері оны шақыруды жөн деп тапқан. Алайда Скриптонит Астанадағы концерт кезінде ешқандай да келіссөз жүргізілмегенін айтты. Сондай-ақ, ол Павлодар әуежайы мен жолдарын сынға алды. Туған ауылының инфрақұрылымы төмен деңгейде екенін де сөз етті.

Тағы оқыңыз: 

Баян Алагөзова: Скриптонит айтқан соң, Павлодардағы жолдар жөнделеді

Әнші Луина төсін үлкейткенін айтып мақтанды

Айсәуле Бақытбек анасын пышақтаған әкесінің әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтты

Түйсігі мүгедектер: Ерке Есмахан ажырасқаны үшін сын айтқандарға жауап берді

Талқылау