Астаналық бойжеткен көпірден өзенге секіріп кеткен: Куәгерер құтқарып қалды
Астанада ер адам көпірден өзенге секірген қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі астаналық ПД баспасөз қызметіне сілтеп.

20 сәуірде сағат 11:16-да ТП жедел басқару орталығының "102" пультіне "Қазақстан" СК жанындағы көпірден қыз өзенге секіргені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиғаның куәгері 38 жастағы Денис Синдеев екен.
"Мен көпірге жақын жерде тұрдым. Бір уақытта адамдардың шулаған даусын, бірнәрсенің көпірден суға құлағанын естідім. Жүгіріп келсем, суға құлаған қыз екенін көрдім. Ойланбастан сырт киімімді шешіп, өзенге қарай жүгірдім", - дейді Денис.
Құтқарушы қызға дейін жүзіп, оны ұстап алып, жағаға шығарып, дәрігерлерге жеткізген. Қазір қыздың өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Елордалық полиция басшысы генерал-майор Ержан Сәденов Денис Синдеевке ерен еңбегі үшін алғыс айтып, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады