Астанадан Қарағандыға жол тартқан 18 жастағы такси жүргізушісі жоғалып кетті
Полицейлер Астана-Қарағанды бағытындағы жолда жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлын іздестіруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі patriotkaragandy Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіт сұр Chevrolet Cobalt көлігімен жеткізу қызметін атқарады. 9 желтоқсанда ол Астанадан Қарағандыға тапсырыс алған. Куәгерлердің айтуынша, ол кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін ол байланысқа шықпай қалды.
Полицейлер Нұрсұлтан Жәнібекұлын көрген азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 телефондарына хабарласуын сұрайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды