Астанадағы тергеу изоляторында Бишімбаев камераласымен төбелесіп қалғаны туралы ақпарат тарады
Желіде Астана қаласының тергеу изоляторында жазасын өтеушілер Б.К мен М.А. арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы сот
Зардап шеккен тараптың адвокатының сөзінше, жанжал кезінде сотталушы Қуандық Бишімбаев камерада отырған 1986 жылы туған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын салған.
Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазір тергеу органдары жанжалдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Сондай-ақ тергеу изоляторында тұтқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.
Ал Бишімбаевтың адвокаттары тергеу изоляторында болған төбелесті жоққа шығарып отыр.
Ләйлә Рамазанова мұның жалған екенін алға тартады. Экс-шенеунік Бауыржан Мусин де төбелес болды деген қауесеттерді жоққа шығарды.
"Мен жаңа ғана Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығына қоңырау шалдым, ол мұндай жағдай болмағанын айтты", – деді Мусин.
Оған қоса, экс-министрдің колонияға қашан ауыстырылатыны айтылды. Адвокаттардың айтуынша, арыз заңды күшіне енген соң Бишімбаев Аршалыға көшірілуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Сондай-ақ 26 маусымда Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымына қатысты сот отырысы өтіп, үкім өзгеріссіз қалған еді.