Астанадағы LRT бағандары құрылысы бітпей тұрып қисайып жатыр
Астанадағы LRT бағандары құрылысы бітпей тұрып қисайып жатыр. Елордалық "City Transportation Systems" компаниясы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

CTS компаниясының хабарлауынша, LRT тірегінің қисаюы бетон құю кезінде орын алған.
"Бүгін сағат 17:00-де Қалдаяқов көшесіндегі LRT құрылыс алаңының аумағында Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилова көшелерінің аралығында бетон құйып жатқан кезде, қалыптардың болттармен жалғанған жеріндегі жүктеме қалыпты басып өткен. Нәтижесінде темірбетон тіреуішінің құрылымы қисайған. Барлығы ертең күндіз қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, LRT құрылыс жұмыстары 2023 жылдың жаз айында басталған еді. Оның құрылысын 2026 жылы Қытай компаниясы аяқтайды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"