Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бассейнде жарақат алған әйел қонақүйді сотқа беріп, 1,3 миллион теңге өндіріп алды

Бассейндегі жарақат туралы істі Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Жоғарғы соттың мәліметіне сенсек, қонақүй бассейнінде жарақат алу салдарынан әйелдің ортан жілігі сынған. Ол жарақат алған сәттен бастап, ұзақ уақыт емделген. Оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылған. 

Сотта анықталғандай, талап қоюшы бассейн аймағына арнайы резеңке аяқкиімсіз кіргізілген, соның салдарынан тайып құлап, дене жарақатын алған.

"Бұл жауапкер көрсеткен қызмет сапасының төмендігін көрсетеді. Соның салдарынан оның денсаулығына зиян келген. Алайда сот залал сомасын азайту қажет деп санады. Өйткені бұл талап қоюшының бассейн аумағында тайғанамайтын аяқкиім киюге қатысты өрескел немқұрайлылығы деп танылған, ондай аяқкиім кию керек екені ережеде көзделмеген", – деді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, талап қою ішінара қанағаттандырылды. Мекемеден талап қоюшының пайдасына 1,1 миллион теңге жоғалған табыс және 160 мың теңгеден астам дәрі-дәрмек және авиабилет сатып алуға кеткен шығын өндірілді. Жауапкердің қызмет көрсету кезінде талап қоюшының денсаулығына зиян келтірудегі кінәсі ішінара деп танылғандықтан, 50 мың теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап ішінара қанағаттандырылды.



Еске салайық, бұған дейін желіде NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабыловтың су толы көлікпен жүруі жұрттың наразылығын тудырды. Оқиға Астана қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Талқылау