Астанадағы "бас имамның үйі" деп талқыға түскен зәулім сарайдың кімге тиесілі екені белгілі болды (видео)
“Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіповтың үйі” деп әлеуметтік желіні шулатқан зәулім сарай қазақстандық кәсіпкерге тиесілі болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов өзіне қатысты тараған бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұның шындыққа жанаспайтынын айтты.
“Соңғы кездері әлеуметтік желіде ұстаздарымызға, имамдарымызға, рухани сала қайраткерлеріне жалған жала жабатындар жиілеп кетті. Құран тілімен айтқанда, басқа адамға әділетсіздік жасау, оған қысым көрсету, оның құқығын таптау дүниеде де, о дүниеде де азапқа әкеп соқтыратын үлкен күнә”, – деп мәлімдеді Ерболат Жүсіпов.
Сондай-ақ бұл зәулім сарайдық қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Лесбекұлына тиесілі екені анықталды.
“Әлеуметтік желіде бұл үй бас имамның үйі деген ақпарат тарады. Бұл жалған ақпарат. Бұл менің үйім. Мұнда тұрып жатқаныма 15 жыл болды. Үйді өзім салып, өзім кірдім. Аллаға шүкір, 5 балам, бір әйелім бар.
Нұрлан Лесбекұлы сырттан келетін аспазшы туралы ақпаратты да жоққа шығарды.
Бұған дейін төбесі күмбез пішінде жасалған зәулім сарайды Астананың бас имамының үйі деген ақпарат тарады.