Астанада қарулы азамат Kaspi банкінің бөлімшесін ішіндегі халықпен бірген басып алған (видео)
Астанадағы банктердің бірінің бөлімшесі мен келген халықты қарулы азамат басып алған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуде.
Хабарлама бұған дейін жексенбі күні әлеуметтік желіде тараған болатын.
Кейбір ақпарат көздерінде оқиғаның Каспи банкінің бөлімінде болғаны айтылады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаруы бар ер адам Kaspi-дің барлық активтерін мүгедек балалар мен жағдайы нашар отбасыларға аударуды талап еткен. Талабын орындауға 3 сағат берген деп айтылады. Әзірге полиция бұл ақпаратқа түсінік берген жоқ.
Оқиғаға Kaspi банк түсініктеме беріп, қазір банк бөлімшесінде қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген.