Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған (видео)

Астанада жасөспірім кішкентай баланы пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде болған. Жантүршігерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Жағдайға қатысты Астана қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады.

“Оқиға бойынша тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңмен жауапқа тартылады. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажет тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланады”, – делінген полиция хабарламасында.


Петропавлда үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен


Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға ота жасалған, қазір өміріне қауіп жоқ.

"Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған шабуыл салдарынан жараланған бес жасар бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны тексеріп, ота жасады. Хирургтер қан кетуді тоқтату үшін тамырларды байлау процедурасын жүргізді. Жалпы жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Дегенмен операциядан кейінгі жағдайы тұрақты", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ басқарма зардап шеккен балаға барлық қажет медициналық көмек пен мамандардың кеңесі толық көлемде көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада 21 жастағы жігіт телефондағы ойын үшін туыстарын пышақтап тастағаны туралы жазған едік.

Талқылау