Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған
Астанада өзін полицеймін деп таныстырып, ақша бопсалаған ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полиция департаментінің полицейлері арнайы операция жүргізіп, жезөкшелерден ақша бопсалаған күдіктіні ұстады.
23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздарды қорқытып, ақша талап еткен. Ол қыздардың пәтеріне келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша сұратқан. Күдікті жалған қызметтік куәлігін көрсеткен. Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"