Астанада 4 жасар бала москит торымен бірге терезеден құлап, мерт болды

Астанада қайғылы оқиға болды. Төрт жасар қыз жетінші қабаттың терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баланың қазасы туралы ақпарат syrmedia.kz Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, бала терезеден москит торымен бірге құлап кеткен.
Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың терезеден құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Алдын ала мәлімет бойынша, төрт жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деді ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары ата-аналарға да үндеу жасады.
“Полиция департаменті ата-аналарға сақтық шараларын қатаң сақтау қажет екенін еске салады: балаларды қараусыз қалдырмау, бала бар кезде терезені ашық ұстамау, баланың салмағын көтере алмайтын москит торларына сенбеу, терезелерге арнайы бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнату, сондай-ақ балалардың терезеге өздігінен жақындауына жол бермеу үшін жиһазды терезе алды тақтайынан алыс қою қажет”, – деп ескертті ведомство.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Оқыңыз