Астанада төрт өнеркәсіптік альпинист тоғызыншы қабаттан құлап, біреуі көз жұмды
Астанада төрт өнеркәсіптік альпинист оқыс жағдайда тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Салдарынан зардап шеккендердің бірі қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенше қайтыс болған, ал қалғандары ауруханаға жеткізілген. Жапа шеккендердің барлығы 21 мен 24 жас аралығында болған.
Полиция құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Ведомствоның мәліметінше, жігіттер тұрғын үй кешенінің құрылысында биіктегі жұмыстарды атқарып жүрген.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада зейнеткер альпинисті ұры екен деп ойлап, арқанын кесіп тастаған еді. Полиция бұл деректі растады, ал альпинист әженің үстінен арыз жазудан бас тартты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар