Астанада зейнеткер өнеркәсіптік альпинисті ұры екен деп ойлап, арқанын кесіп тастаған (видео)
Астанада егде жастағы әйел өнеркәсіптік альпинистің арқанын кесіп тастаған. Ол альпинисті ұрымен шатастырып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде өнеркәсіптік альпинистің кесілген арқанды көрсетіп, зейнеткермен сөйлесіп жатқан видеосы тарады.
"Неге істедіңіз олай? Енді қалай түсемін мен?" – дейді ер адам.
Астананың полиция департаменті бұл деректі растаған. Мәлім болғандай зейнеткер альпинисті ұрымен шатастырған.
"Мәлім болғандай оқиғаға әженің қатысты бар екен. Тексеріс барысында әже альпинисті ұры деп ойлап, арқанды кесіп тастаған. Альпинист арыз жазудан бас тартты", – делінген полицияның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Учаскелік инспекторлар зейнеткермен түсіндірме жұмысын жүргізіпті.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 11 бала таңғы астан уланып ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады