Астанада Telegram кеңсесі ашылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Telegram Қазақстан астанасында кеңсесін ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Shutterstock
Министр Қазақстан Telegram және Meta сияқты мессенджерлермен ынтымақтастық орнатып жатқанын айтты.
"Бүгін біз Telegram кеңсесінің ашылуын талқылап отырмыз. Астана халықаралық қаржы орталығының базасында Telegram кеңсесі қазірдің өзінде контентке жауапты нақты тұлға анықталды", – деді Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысында.
Еске салайық, бұған дейін цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылатынын айтқан еді. Бірақ сол кезде нақты қай қалада орналасатыны туралы нақты мәлімет бермеді. Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес, Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалардың енді қазақстандық өкілі болуға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткіздік деді министр.