Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады
Еліміздің цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, ведомство заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау үшін Telegram-мен белсенді ынтымақтаспақ.
"Біздің заңнамаға сәйкес, Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалардың енді Қазақстанда өкілі болуға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткіздік. Бұл контентті бақылауды арттырудың маңызды қадамы", – деді министр.
Сонымен қатар министрлік Meta-мен алаяқтық схемалармен күресу бойынша жұмысты бастайды. Кейінгі тоқсанда Meta жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, бүкіл әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунтты бұғаттаған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"