Астанада техникалық қызмет көрсету стансасы өртеніп кетті (видео)
Астанада көліктерге арналған техникалық байқау стансасынан өрт шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт елорданың оңтүстік-шығыс шағын ауданы Айнакөл көшесіндегі көлік жөндеу стансасынан (СТО) шыққан.
"9 ақпанда сағат 13:57-де Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесіне өрт туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта барып, 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жақын, техиникалық қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын анықтады. ТҚС ішіндегі екі көлік өртеніп кетті. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 14:44-те оқшаулады", - делінген ресми хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 15:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар