Астанада туған сәбидің есімін ЭКСПО-ның құрметіне қойды
Астанадағы «Есіл», «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының Азаматтық жағдай актілерін тіркеу (АЖАТ) қызметтерінің статистикасы бойынша, қаңтар-қазан аралығында елордада 25 735 сәби дүниеге келген.

Биыл София, Амира, Кәусар, Елдана сынды қыз балалардың есімдері ерекше танымалдылыққа ие болған. Ал ұлдарға көбіне Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері қойылған. Сондай-ақ балаларға елдегі маңызды оқиғалардың құрметіне орай ат қою дәстүрі де ұмытылмаған, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданының АЖАТ қызметінде Бәйдiбэкспо есімді ұл бала тіркелген.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”