Астанада Рамазан айына орай тегін автобус қатынайды
Астанада Рамазан айына орай тегін маршруттар ұйымдастырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болуы үшін бағдарлар тарауық намазы аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді", – делінген City Transportation Systems хабарламасында.
"Республикалық Бас мешіт" мешітінен жүретін автобус бағыты:
"Целинный" ықшам ауданы, Гребной канал, Республика даңғылы;
"Әзірет Сұлтан" мешітінен жүретін автобус бағыты:
"Спутник" супермаркеті, темір жол вокзалы, "Көктал-1, 2" тұрғын үй алабы;
"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінен жүретін автобус бағыты:
"Көктал-1, 2" тұрғын үй алабы, темір жол вокзалы, медициналық колледж арқылы өтеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған