Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды. Осымен ол үшінші адамды аман алып қалған

Астанада полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалған. Осылай ол биыл үш адамды аман алып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ktk.kz сайтынан скрин

Өз-өзіне қол салмақ болып көпірден секірген ер адамға Астана полицейі әуелі құтқару шеңберін лақтырған, алайда тұрғын оны қолданбаған. Сонда ол ер адамның артынан секіріп, құтқарып қалған. Тұрғынды суидцидке не итермелегені белгісіз. 

Кейін журналистер биыл полицей осымен үшінші адамды құтқарып қалғанын анықтаған. Бұрын ол жедел жәрдем күтіп отырғанда есінен танып қалған қарт әйелдің үйіне дәрігерлерді кіргізген, кейін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған баланы құтқарған. 

“Бүгін сағат 5:30-да аты белгісіз азамат Сарыарқа даңғылындағы көпірден секіріп кетті деген хабар келіп түсті. Бұған полицейлер жедел реакция білдіріп, азаматты судан шығарып алды. Оған бірінші медкөмек берілді. Кейін оны жедел жәрдем бригадасына табыстадық”, – дейді Астана патруль полициясы қызметінің инспекторы Ринат Мұхамеджанов.
 

Талқылау