Астанада LRT пойыздары қайдан сатып алынатыны белгілі болды
City Transportation Systems (CTS) компаниясы Astana LRT-нің жылжымалы құрамы туралы айтты. Белгілі болғандай, оларды көрші Қытайдан сатып алу жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазіргі уақытта Қытайдан жылжымалы құрамды сатып алу жоспарлануда. Өндіріс зауыты – Қытайдағы жетекші автомобиль жасау компаниясы болып табылатын "CRRC Tangshan Co.Ltd"", –деді CTS компаниясының өкілі.
Сондай-ақ компания сатып алынған жылжымалы құрамның сипаттамалары туралы айтты.
"Жылжымалы құрамның қуаты – сағатына 115 киловатт, ең жоғары сыйымдылығы – 600 адам. Оны автоматты басқару үшін "GoA 4" технологиясы қолданылады. Бұл басқару жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді", – деді CTS.
Техникалық құжаттамаға сәйкес, Е-60 рельстері қолданылады. Бұл еуропалық стандартты рельс арқалықтары. Ол қаттылығы жоғары әрі тозуға төзімді көміртекті болаттан жасалған.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген