Астанада қымбат көлікті ұрлап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады
Астанада таныс жігітке тиесілі қымбат көлікті мініп кетіп, жол апатына тап болған қыз сотталуы мүмкін.
Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
23 жастағы қала тұрғынының айтуынша, таныс бойжеткен екеуі бірге спирттік ішімдік ішкен соң оның Lexus RX 350 маркалы көлігін айдап кеткен. Оқиға Қосшы ауылы маңында болыпты.
Алайда бойжеткен көлік тізгініне ие бола алмай, аударылған. Кейін оны тәртіп сақшылары ұстайды. Қазіргі кезде көлікке келген шығын көлемі 30 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Енді қыз өрескел тәртіп бұзғаны үшін қылмыстық кодекс бойынша айыпталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Шымкентте банктен 300 мың теңге алған әйелдің ақшасын тартып алып кетті
Алматы облысында арыққа құлап кеткен екі қыздың бірі көз жұмды
Алматы маңында ер адамды пойыз қағып кетті
Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?