Астанада қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды (видео)
Астанада шулы видеодағы қызға шабуыл жасады деген күдікті Абай облысында ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
"Алынған ақпарат бойынша Абай облыстық ДП жеке құрамына тапсырма берілді. Сағат 6.30 шамасында Семей қаласына кіре берістегі "Ертіс" бекетінің қызметкерлері күдікті жолаушы болған "Тойота" автокөлігін тоқтатқан. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, жақын арада астаналық әріптестерімізге тапсырылады", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, 12 ақпан күні Астанада белгісіз ер адамның көшеде кетіп жатқан қызға шабуыл жасағаны түсірілген видео пайда болды. Оқиға "Ұлан" тұрғын үй кешенінің маңында болған. Кадрлардан ер адамның қызды жақын жерде тұрған көліктің жанына сүйреп апарғанын байқауға болады. Қыз қатты айқайлағанымен, ешкім көмекке келмеген.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”