Астанада ҚазАвтоЖол-дың бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды
Астанада "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚазАвтоЖол
Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды.
Күдіктіге 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Заңға сәйкес, қалған мәліметтер жария етілмейді.
Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың ақпанына дейін "ҚазАвтоЖол"-дың басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысы бойынша ҚазАвтоЖол директорының орынбасары Дәурен Түлтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен