Астанада қатты жел көпқабатты үйдің қасбетін ұшырып әкетті (видео)

Астанада қатты жел тоғыз қабатты үйдің қасбетін ұшырып әкетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 11 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де болды. Қатты желдің екпінінен 2015 жылы пайдалануға берілген "Айка" тұрғын үй кешенінің қасбетінің жылу оқшаулағышы ұшып кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Тұрғын үй кешенін басқарушы компания қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп, өнеркәсіптік альпинистерді тарту мәселесін қарастыруда.
“Тұрғын үй қатынастары туралы” заңның 34-бабына сәйкес, пәтер иелері оларға тиесілі кондоминиумнің жалпы мүлкін күтіп ұстау міндетін көтеруге тиіс, оларға қасбеттер, подъездер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақтар мен алаңдар, лифтілер, шатырлар, кіреберіс топтарының шатырлары, шатыр асты бөлмелері, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үйдің инженерлік жүйелері мен жабдықтары кіреді”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында қатты дауыл болып, адамдар жолда қалғаны туралы жазған едік.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты