"Бірнеше рет кездесуге бардық": Блогер Сабина Мовлаева Димаш Құдайбергенмен таныстығы туралы айтты

Блогер Сабина Мовлаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бала кезден таныс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның сөзінше, екеуі шамамен 10-11 жасында Ақтөбедегі филармонияда танысқан. Кейін бірнеше жыл бойы бір шығармашылық ортада жүріп, көрші болған.
“Мен Димашты өте жақсы білемін. Біз 10-11 жасымызда Ақтөбе филармониясына бірге баратынбыз. Шамамен сегіз жыл бірге жұмыс істедік, көрші болдық. Жасыратыны жоқ, кейін бірнеше рет кездесуге де бардық”, – деді блогер.
ОқыңызСабина Мовлаева бұл оқиғалардың Димаш Құдайберген әлемге танылмай тұрған кезге қатысты екенін атап өтті.
“Қазір, әрине, олай емес. Мұның бәрі ол танымал болмай тұрып болған. Егер қазір оған жазсам, шу басталады. Онсыз да хейтерлерім жеткілікті”, – деді ол.
Блогер Димашпен бір шығармашылық ортада өсіп, бірге дамыған жылдарды жылы еске алатынын айтты. Алайда бүгінде артық әңгіме мен өсекке қалмау үшін әншімен ашық байланыс орнатпайтынын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген неге үйленбей жүргенін ашық айтқаны хабарланған еді. Өнер иесінің айтуынша, оған “Қашан үйленесің?” деген сұрақты Қазақстанға келген сайын әуежайдағы паспорттық бақылау қызметкерлерінен бастап, айналасындағы адамның бәрі қояды. Әнші мұндай маңызды дүниелерге үлкен жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Ол уақытша сезімге еріп, қыз баланың тағдырын бұзып аламын ба деп қорқатынын жасырмады.
“Әр нәрсенің өз уақыты бар. Менің ойымша, өмірлік жар таңдауға барынша үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Себебі қазір күшті сезімге еріп, қыз баланың тағдырын бұзып алуым мүмкін, мен содан қорқамын. Бәлкім, қыздарды қатты құрметтейтіндіктен, бұл мәселеге басқаша қарайтын шығармын. Меніңше, үйленгеннен кейін өмірдің соңына дейін бірге өтіп, бір жастықта қартайып, содан бақыт табу керек”, – деді Димаш.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады