Әнші Жазира Байырбекова тегін ауыстырды
Танымал әнші Жазира Байырбекова тегін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өміріндегі өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында атасының есімі Ыса екенін айтып, енді Жазира Ыса есімін қолданатынын жеткізді.
“Менің атам – Ыса! Менің аты-жөнім Жазира Ыса”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл шешімін бірде қолдай жөнелді.
Айта кетейік, бұған дейін әншілер Жанболат пен Жазира жалғыз ұлдары Қазбектің үйлену тойын дүркіретіп өткізгені хабарланған еді.
Үлкен той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Тойға 600-ден астам қонақ жиналып, 150 шақты мобилограф жүрді. Ал Youtube арқылы жүргізілген тікелей эфирді 450 мыңнан аса адам тамашалаған.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен