Блогер Мерей Абилова екінші баласының жынысын анықтады
Танымал блогер Мерей Абилова мен футболшы Димаш Қашкен екінші сәбилерінің жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер мен спортшы екеуі ғана қатысқан қарапайым гендер-пати ұйымдастырған. Жылы сәттің кадрларын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Олар болашақ сәбилерінің жынысы жазылған ақпаратты кондитерге беріп, арнайы торт жасатқан. Торттың ішіндегі крем көк түсті болып шықты. Бұл олардың ұлды болатынын білдіреді.
“Асыға күтеміз сені”, – деп жазған блогер.
Желі қолданушылары блогерді жарыса құттықтап, жылы пікірлерін қалдырып жатыр.
“Құттықтаймыз”, “Аман-есен босанып алыңыз”, “Қуаныштарыңыз еселей берсін”, – деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін блогер Мерей Абилова екінші сәбиін күтіп жүргені хабарланған еді. Айта кетейік, блогердің бір қызы бар.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
