Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Amanat партиясының мүшесі емес және қазір саясатпен айналыспайды – Айдос Үкібай

Назарбаев
Фото: nazarbayev.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Amanat партиясының жұмысы мен онда болып жатқан өзгерістерге ешқандай қатысы жоқ. Мұны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың партия мүшесі емес екенін және саясатқа араласпайтынын айтты.

“Нұрсұлтан Әбішұлының партияға қандай қатысы бар? Ол кісі президент ретіндегі өкілетін 2019 жылы тоқтатқан. Экс-президент қазір зейнетте және қоғамдық-саяси процестерге араласпайды”, – деді Үкібай. 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы Қазақстан президенті қызметінен кеткенімен, 2022 жылы Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және сол кездегі “Нұр Отан” партиясының төрағасы лауазымдарын сақтап келді.

Кейін партия атауы Amanat болып өзгертіліп, ұйымның басшылығына президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Қазір партия құрылымында жүріп жатқан өзгерістерге қатысты түрлі пікірлер айтылып жүргенімен, Назарбаевтың баспасөз хатшысы экс-президенттің бұл процеске қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылғы сайлауалды штабы негізінде құрылған саяси партия әуелде “Отан” деп аталған. Бастапқы кезеңде партияны “төраға міндетін атқарушылар” басқарып келді. 2006 жылы атауы “Нұр Отан” болып өзгеріп, 2007 жылы Назарбаев оның төрағалығын өз қолына алған. Содан бері ол бұл міндетті 2022 жылға дейін үздіксіз атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Биыл 15 наурызда Назарбаев референдумда дауыс беріп, сол кезде елдегі саяси реформаға пікір білдіріп, Тоқаевты ізбасары ретінде таңдағанына өкінбейтінін жеткізген еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 08 Маусым, 2026 17:36