Астанада инфляция 23%-ға жетті – бұл елдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі - Тоқаев
Астанада инфляция 23%-ға жетті – бұл елдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі, деп атап өтті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қаладағы өте өзекті мәселе – инфляцияның жоғары болуы. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады", - деді Тоқаев сейсенбі күні Астананы дамытуға арналған кеңес отырысында.
Мемлекет басшысының сөзінше, әкімдік тұрақтандыру қорында резерв жинауды қойып, "айналым схемасы" аясында сауда желілеріне жеңілдікпен займ беруге көшкен.
- Астанада жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар - Тоқаев
- Тоқаев Астанадағы білім және мектепке дейінгі білім беру саласындағы жағдайды сынады
"14 миллиард теңге бөлінді. Бұл – өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қабылданып жатқан шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, Бірақ жұмыс орындалмады. Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінген азық-түлік импорты 3 есеге артты. Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр", - деп атап өткен президент.
Тоқаевтың айтуынша, көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр.
"Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын", - деп тапсырды президент.