Астанада жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар - Тоқаев
Астанада жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар. Бұл туралы мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жалпы, елорданың даму барысы жаман емес. Былтыр әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті. Ел өмірінде елордамыздың орны ерекше. Оған қойылатын талап та жоғары. Бұл – тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар мәселе. Қазір шаһарда жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар”, - деді мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, біраз жерде интернеттің сапасы нашар.
“Мұны ашық айтуымыз керек. Яғни, өзекті мәселе аз емес. Астана – үлкен қала, көшіп келіп, тұрып жатқан азаматтар көп. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық түседі. Сондықтан, алдағы жұмыс барысында мынадай мәселелерге айрықша назар аудару қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"