Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Астана қаласының тұрғындары үшін 17-19 желтоқсан күндері "Хас шебер" фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль Республика көшесі, 34 мекенжайында орналасқан "Жастар" сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.
Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі.
Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.
Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді, сол сияқты қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"