Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ғаламтордағы хабарландыру арқылы қымбат көлікті ұрлап кетті

Астанада 28 жастағы ОҚО тумасы қымбат автокөліктерді ұрлап әкетті деген күдікпен ұсталды.

l51

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу бөлімшесі қымбат автомобильдерді айдап әкету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен 28 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің автомобиль сататын арнайы сайттар арқылы «Лексус» маркалы автомашиналарды тапқаны анықталды.

Ол сайтта көрсетілген телефонға қоңырау шалып, көлік иелерімен кездесуге келіскен. Автомобильді қарау барысында оның дабыл жүйесінің маркасын анықтаған. Кейін арнайы пульт арқылы автомобильдерді айдап әкетіп жүрген.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК «Ұрлық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті Астана қалалық ІІД УҚО-ға қамалды. Оның осы секілді басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция осындай факті бойынша зардап шегушілерді мына мекенжайға хабарласуын сұрайды: Астана қ., Обаған к., 18, тел: 49-70-90, 8-702-468-82-24.

Тағы да оқыңыз:

Таиланд тұрғыны тікелей эфирде 11 айлық қызын өлтіріп, өзіне қол салды

Мас ер адам полицей қызды теуіп, сабап тастады (видео)

Бішкекте келіншек ЭКО көмегімен үшемді дүниеге әкелді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр