Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада "Esirtkisiz Qazaqstan" жобасының қорытындысы шығарылды

есті бол
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада нашақорлықтың алдын алу және есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған "Esti Bol Qory 2026: деректерден шешімдерге" атты сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сарапшылар қауымының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының 80-нен астам өкілі қатысты.

есті бол 2
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесуде "Esirtkisiz Qazaqstan" жобасы аясында 2025-2026 жылдары атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Қатысушылар өңірлерде жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижелерін, мониторинг деректерін және өткізілген іс-шаралардың тиімділік көрсеткіштерін қарастырды.

есті бол 3
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ жастар арасындағы нашақорлықтың қазіргі таралу үрдістері, қауіп факторлары мен оның алдын алудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігі қамтылған кешенді талдамалық шолу таныстырылды.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, алдын алудың тиімді әдістерін енгізу, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

есті бол 4
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар алдын алу жұмыстарын одан әрі дамыту және есірткінің таралуына қарсы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Іс-шараны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Esti Bol Qory" қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Қараша, 2026 14:14