Астанада есепші өзі істейтін мекеменің 400 млн теңгесін құмар ойынға салып, ұтылып қалған
Астанада есепші мекеменің 400 млн теңгесін казинода ұтылып қалған. Бұл туралы Sran.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, күдікті әйел сот үкімімен құмар ойындарын ойнау үшін ақша табу мақсатында алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
“Күдікті әйел ЖШС-ның есепшісі бола отырып, мекеме басшыларына шет елге тиімді инвестициялар салу туралы өтірік айту арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталушы ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері мұғалімдердің қаржысын жылдар бойы өз таныстарына аударып келгені туралы жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"