Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада дубай шоколадын сатып адамдарды алдаған алаяқ 3 жылға сотталды

Астанада дубай шоколадын сатамын деген сылтаумен тапсырыс берушілердің ақшасын алып, алдап кеткен алаяқ 3 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады деп айыпталған А-ға қатысты істі қарады.

“А дубай шоколадын сату сылтауымен жәбірленушілерді алдаған. Бірнеше рет олардың қаражатын иемденіп, 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңге ақшасын жымқырған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.



Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Дегенмен қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады”, – делінген хабарламада.

Сот жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

“Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен А Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен (алаяқтық, екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық) кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды”, – делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау