Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Damumed қызметіне қатысты тергеу аяқталды

Астана қаласы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті "Даму "ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-не қатысты DAMUMED-тің бағалары бойынша тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дамумед

DAMUMED – дәрігердің қабылдауына жазылу, үйге шақыру және медициналық құжаттарды қарау үшін медициналық ұйымға жылдам қол жеткізетін ақпараттық жүйе.

Тергеу қорытындысы бойынша 2020-2022 жылдары жоғарыда көрсетілген қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеген. Яғни өндірістік қызметпен тікелей байланысты емес шығындарды негізсіз есепке алған. Аталған мән-жайлар кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 1-тармақшасын бұзды.



“Астана мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 23 ақпандағы шешімімен және Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының  жылғы 13 маусымдағы қаулысымен монополияға қарсы тергеу қорытындылары заңды деп танылды”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін бас прокуратура Damumed қосымшасын тексеретінін мәлімдеді. 

Талқылау