Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада болған алапат дауыл 80 миллион теңге шығын келтірген

Астанада болған дауыл болжам бойынша 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

24 үйге зақым келіп, 7 бірдей мектеп пен аурухана, балабақшаның шатырлары ұшты. Бейбітшілік және келісім сарайына да зақым келді. Тұрғындар сақтандыру компанияларынан шығындарын өтеуді талап етіп жүр.

Апат салдарын жоюға 500 техника жұмылдырылды. Синоптиктер дауылдың себебін әлі ашып түсіндірген жоқ. Тіпті, алдын ала дауылды ескерту туралы хабарлама келмеген.

Айта кетейік, Астанада қатты дауыл тұрып, бұршақ жауды. Салдарынан Бейбітшілік және келісім сарайының терезесі сынған. Елорда тұрғындары мен қонақтары дауыл кезіндегі суреттер мен видеоларды жарыса бөлісіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да 15 жастағы қыз 60 жастағы жездесінен бала босанған

Адамға ұқсас ерекше шошқа табылды (фото)

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Талқылау