Астанада бір күн бұрын жоғалып кеткен оқушы өлі күйінде табылды
Фото: Instagram astana_online24.7
Астанада бір күн бұрын жоғалып кеткен оқушының денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 қараша күні қыздың анасы полицияға қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Айтуынша, қызы кешкі сағат 18:30 шамасында үйден шығып, телефон қоңырауына мүлде жауап бермей қойған.
Шымкентте мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, ол сыныптастарының аты-жөні жазылған хат қалдырған
Оқушыны полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеп, аумақтар мен жағалауды аралады. Олар бірнеше сағаттан кейін қыздың денесін өзеннен тапқан.
“Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді