Астанада бәліш жеген 16 бала уланып қалды: Дайындаушыда арнайы рұқсат болмаған
Астанада Қосшыдағы өнеркәсіп орнында дайындалған "Лакомка" бәлішінен 16 бала уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Dzen.ru
Анықталғандай өндіріс орнында арнайы рұқсат болмаған.
"Бәліштерді тасымалдау кезінде сақтау талаптары бұзылған. Салдарынан Астанада 16 бала уланды. Өндіріс орны Қосшыда орналасқандықтан, ақмолалықтар да зардап шегуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.
Компанияға айыппұл салынды, бірақ нақты сомасы аталмады. Сонымен қатар кәсіпкерге заңбұзушылықтары жою туралы ескерту берілген.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі