Астанада Әзербайжан президентінің көзінше егілген ағаштар неге қазып алынды - әкімдік жауап берді
Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Гейдар Әлиев көшесінің бойына егілген шыршаның орнынан алыну себебін түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әзербайжан Республикасы президентінің ресми сапары аясында Гейдар Әлиев көшесі салтанатты түрде ашылған болатын. Бұқар жырау көшесінің Гейдар Әлиев көшесімен қиылысқан тұсында бес шырша отырғызылды. Кейін агрономдар бізге бұл шыршаларды қылқан жапырақты ағаштардың өсуіне әлдеқайда қолайлы орынға – Ботаникалық бақтағы Әзербайжан президенті өз қолымен еккен ағаштан 100 метр жерге ауыстырылды. Ал олардың орнына жөке мен арша егілді. Өйткені жөке магистральдік жолдың бойында жақсы өседі және эстетикалық көрініске сән қосады", - деп түсіндірді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.
Әкімдік өкілі бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және келген жұртшылық үшін жайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді