Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ашылатын жаңа ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

Астанада ашылатын жаңа ауданға Байқоңыр атауы бекітілді. Ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында ұсынылып, мақұлданды.

Бұл туралы «Астана Ақшамы» газеті жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Осы аптада қалалық ономастикалық комиссия бұл атауды талқылап, бекітті. Республикалық ономастикалық комиссия қалалық комиссия шешімін өзгертпей, өз отырысының хаттамасын әкімдікке жіберді. Кеше өткен қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Астана мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов осылай деп хабарлады.

Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелердің бірі Астана қаласының шекараларын белгілеуге қатысты болды.

«Соңғы бес жылда Астана халқының саны 35 пайызға ұлғайып, 645 мың адамнан 1 млн 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 мыңнан астам гектар қосылды. Бұл – Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептерді, балабақшаларды, емханаларды, көлік жүйесін, инженерлік инфрақұрылымды салу мақсатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады» деді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев.

Оның айтуынша, төртінші ауданның шығыс бөлігі Алматы ауданымен, батыс және оңтүстік бөлігі Сарыарқа ауданымен, ал Есіл өзені арнасымен Есіл ауданымен шекараласады. Жалпы алғанда, қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, соның ішінде жаңа аудан 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

Тағы оқыңыз:

ІІМ Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады

Мөлдір Әуелбекова: Маған өздері тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін

Төреғали Төреәлі қажылыққа аттанды

Сәкен Майғазиев: Көлігімді сатпаймын, концертіме демеушілер табылды

 

 

Талқылау