"Астана" велокомандасы коронавирусқа байланысты жарыстан шеттетілді
"Астана" 15 күндік мерзімге жарыстан шығарылды. Бұл туралы қазақстандық велокоманда құрамының баспасөз қызметі хабарлады. Оған коронавирустың таралуы себеп болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

5 наурыздан 20 наурызға дейін "Астана" велокомандасы ешқандай жарыстарға қатыспайды. Бұл шешім команда басшылығы мен дәрігерлерінің мұқият қарастырғаннан кейін қабылданды.
"Осы шараның көмегімен біз өзіміздің шабандоздарымыз бен қызметкерлеріміздің денсаулығын сақтап, вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін қоғам алдындағы жауапкершілікті өз мойнымызға алдық. Әрине, біз алдағы барлық жарыстарға қатысқымыз келеді, бірақ қазіргі уақытта ең бастысы - қауіпсіздік. Біздің алдымызда көптеген маңызды жарыстар бар, ұзақ маусым бар, бұл қиын шешім болды, бірақ біз велосипедшілердің отбасын, сондай-ақ үйдегі өз отбасыларымызды қорғауымыз керек", - деп түсіндірді велокоманданың бас менеджері Александр Винокуров.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"