Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғындары судың берілмей жатқанына наразылыққа шығып, жолды жапты

Астанада Алматы ауданының "Браво" тұрғын үй кешенінің тұрғындары судың тек түнде бірнеше сағатқа ғана берілетініне шағымданып көшшеге наразылыққа шықты. Әкімдік осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Астанадағы "Браво" тұрғын үй кешенінің тұрғындары судың тоқтатылуына наразылық білдіріп, Нәжімеденова көшесінің бойындағы жолды жауып тастады. Оларға көрші үйлердің тұрғындары да қосылған.

Олар өткен аптада Астанада 37 градус ыстық болған кезде пәтерлерде су түнде ғана бірнеше сағатқа берілгенін айтып шағымданды.

Алматы ауданының әкімдігі осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша "Браво" тұрғын үй кешені мен Нәжімеденова, 16А тұрғын үй кешенінің су желілерін салушы Sat NS компаниясы тұрғын үйдің су балансын "Астана су арнасы" мекемесіне әлі өткізбеген.

"Қазіргі уақытта құрылыс компаниясына су құбыры желілерін кері қайтару бойынша қосымша жұмыстарды жүргізу қажет. Жұмыстар 1-2 күн ішінде жүргізіледі деп жоспарлануда", - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Аудан әкімі мен "Астана су арнасының" өкілдері аталған жерге барып, мәселені бақылауға алды.

Талқылау