Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мен 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

“Қазгидромет” РМК 9 сәуірде Астана мен елдің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Астанада түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жезқазғанда күндіз жаңбыр жауады, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанды.

Қарағанды облысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағандыда арагідік жаңбыр жауады. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанды. Облыстың таулы аудандарында, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігіне, батысына, солтүстіктен оңтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман болады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-18 м/с. Ақтөбеде күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15 м/с.

Күндіз Қостанай облысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанайда түнде тұман түседі деп болжанды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтималдылығы жоғары. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Таразда күндіз қатты жаңбыр жауады. Арагідік найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодарда жаңбыр жауады.

Күндіз-түні Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары. 9 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с  жылдамдықпен жел соғады. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-18 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде арагідік жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауыы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Алматыда түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп болжанды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с-ге дейін жетеді.

Бұған дейін орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Қазгидромет" мамандары су басқан өңірлердегі ауа райы болжамына талдау жасаған еді. 

"Бүгінде су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр. Су объектілерінде мұздың еруі кептеліс құбылыстары, су деңгейінің ауытқуы мен жоғарылауы мүмкін. Кей жерлерде өзен арналарында қардың қарқынды еруі, сондай-ақ еріген судың шекті мөлшерден асып кету жағдайы сақталып отыр", – деді "Қазгидромет" мемлекеттік мекемесінің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Талқылау