Астана LED-экранындағы Украина туы: Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады
Еліміздің ішкі істер министрлігі Астанадағы LED-экранда Украина туына қатысты оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Ішкі істер министрлігі "Керуен Медиа" ЖШС-не қатысты кешегі оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
“Қазір болған оқиғаға техникалық ақаулар, компания жабдықтарының жұмысына заңсыз араласу ықтималдығы секілді түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Заңсыз әрекеттері үшін кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады”, – деп сендірді министрлік.
“27 қарашада Астанада LED-экрандардың бірінде көрсетілген тудың суреті қысқа уақытқа ауыстырылды. Бұл факті бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады”, – деп мәлімдеді "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ.
Еске салайық, Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген еді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді